Жоба туралы

http://tbiparem.kz/ сайты – Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты әзірлеген қазақ тіліндегі паремиологиялық бірліктері жинақталып, аннотацияланған IT-лингвистикалық өнімі. Сайтта паремиологиялық қордан фразеологизмдер, тіркесті атаулар, мақал-мәтелдер, этномаркерлі бірліктер қамтылған. Сайт қолданушыларға қолжетімді ашық жүйеде тұр. Қолданушы сайттан өзіне қажетті ақпаратты сөзден және топтардан іздей алады. Іздеу ұяшығына тірек сөзді жазғанда, барлық топтардан (фразеологизмдер, тіркесті атаулар, мақал-мәтелдер, этномаркерлі бірліктер) осы тірек сөзбен келген бірліктер конкордансқа (экранға) шығады. Олардың барлығында дерлік аннотация (түсіндірме) бар. Қолданушы аталған топтар бойынша да іздеу жасай алады. Қазіргі Google жүйесінен іздегенде әртүрлі сайттарға сілтейтін шашыраңқы ақпараттар (мақал-мәтелдер, фразеологизмдер) бұл сайтта бір жерде, көлемді әрі мазмұндалған түрде көрініс табады. Мақал-мәтелдердің, фразеологизмдердің мағыналары, этномаркерлі бірліктердің мәдени семантикасы туралы түсінік береді. Бұл сайт – өткен ғасырлардан бергі жинақталған қазақтың паремиологиялық қорын сақтаушы, бүгінгі жастарға қолжетімді етуші, келешек ұрпаққа жеткізуші цифрлық база.

Негізгі мүмкіндіктер

  • Санаттар: Фразеологизмдер, Мақал-мәтелдер, Атаулы тіркестер, Этномәдени тіркестер.
  • Сөз арқылы іздеу — морфологиялық тексеріс арқылы базалық леммаға сәйкестендіру.
  • Табылған материалдардан сөзді басқанда Сөз портреті мен Сөз статистикасын көру.
  • Жылдам пагинация, прелоадер, мобильге бейім интерфейс.

Қысқаша

Платформа сөз бен сөзформа бойынша іздеп, дәл сол леммаға қатысты тұрақты тіркестерді іріктеп береді. Әр сөз кликабельді: бір рет бассаңыз, сөздің портреті мен статистикасы ашылады.